Президент балаларды құмар ойындарға тартқандарды қатаң жазалауға шақырды

0
2 612

Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет - Тоқаев.


Президент балаларды құмар ойындарға тартқандарды қатаң жазалауға шақырды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақты түрлі құмар ойындарға қызықтырып, теріс жолға түсіргендерге қатысты жазаны қатаңдатуды ұсынды, деп жазады Stan.kz.

"Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз. Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет", - деді Тоқаев елордада өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Мемлекет басшысы еліміздегі ерекше күтімді талап ететін жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті сынға алды.