Президент: Билік тізгінін қабылдайтын жас мамандар резервін дайындап жатырмыз

0
848

Кейін мемлекетті басқару тізгіні соларға өткізіледі.


Президент: Билік тізгінін қабылдайтын жас мамандар резервін дайындап жатырмыз

ERNUR.KZ. Ел басқару тізгінін қолына алатын жастардың кадрлық резерві құрылып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Технологиялар өзгеріп, экономика, әлеуметтік тәртіп өзгеріп жатыр. Ең бастысы адамзаттың өмір салты туралы түсінігі өзгеріп жатыр. Жастардың әлем туралы көзқарасы қарқынды трансформацияланып жатыр. Жастар әлемдік ірі технологиялық және саяси өзгерістер дәуірінде өз орнын белсенді іздеуде. Әрине, жастар біркелкі емес. Қазақстан бұл жағдайда сырт қалмайды. Біреу ғылым мен өнерге, бизнеске ұмтылады. Біреуге мемлекеттік қызмет немесе қоғамдық белсенділік ұнайды. Алайда ештеңе істегісі келмейтін, толассыз ойын-күлкі мен түнгі клубтан басқаны қаламайтындар да бар. Осылай болған, бар және бола да береді. Осы елдің Президенті ретіндегі тілегім – мақсаты айқын, белсенді жастарға мынау күрделі өмірде өз орнын тауып, қалыптасуына мүмкіндік беру. Сондықтан, біз бизнеспен айналысуға мүмкіндік туғызып, қабілетті және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға білім алу үшін гранттар бөлеміз. Талантты балаларды іздеп, жас басқарушылардың кадрлық резервін құрып жатырмыз. Кейін мемлекетті басқару тізгінін соларға өткіземіз», - деді Мемлекет басшысы.