Президент Еуропалық Одақтың арнайы өкілін қабылдады

0
1 038

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мәселелері талқыланды.


Президент Еуропалық Одақтың арнайы өкілін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім және Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың жаңа стратегиясы аясында, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мәселелерін талқылады.

«Қазақстан сыртқы экономикалық және инвестициялық әріптесі - Еуропалық Одақпен жан-жақты және көп бағытты өзара іс-қимылдарды дамытуға үлкен мән береді", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйенді, Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельді және Еуропалық орталық банк төрағасы Кристин Лагардты жоғары лауазымдарға сайлануымен құттықтап, ЕО басшылығының жаңа «үштігімен» ашық және сенімді диалог тараптардың саяси және экономикалық ынтымақтастығын одан әрі жандандыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Петер Бурианның пікірінше, Мемлекет басшысының Қазақстанды жаңғырту жөніндегі бастамалары мен басымдықтары азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен заң үстемдігінің жалпы қабылданған принциптерін басты назарда ұстап, елдің даму тарихында жаңа кезеңге бастайды.

Еуропалық Одақтың арнайы өкілі халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуға, оның ішінде Орталық Азия мен Ауғанстандағы біздің еліміздің рөлі мен үлесін жоғары бағалады.