Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабрикаға барды

0
649

Қағаз өнімдері фабрикасы – көпсалалы «Радуга» компаниясына қарасты кәсіпорындардың бірі ғана.


Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабрикаға барды

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «РимҚазАгро» ЖШС-нің қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Өндіріс орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрика жұмысының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жобаны субсидиялауға қаржы бөлінген.

Қағаз өнімдері фабрикасы – көпсалалы «Радуга» компаниясына қарасты кәсіпорындардың бірі ғана. Қазіргі кезде өңір халқын жыл он екі ай көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай құрылысы жүріп жатыр.

Президент елімізде «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға және халық тұтынатын тауарлар түрлерін кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, кәсіпорын басшылығына сәттілік тіледі.

«РимҚазАгро» – «қарапайым заттар экономикасының» қатысушысы

Бүгінде өндірісте шамамен 1,7 мың адам жұмыс істейді. Өнім түрлері 730-дан асады, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінде сатылады және Ресейге экспортталады.

Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабрикаға барды

Кәсіпорын 37,7 гектар аумақта халық тұтынатын өнім өндірумен айналысады. Былтыр жалпы сомасы 7,6 миллиард теңге болатын 3,8 мың тонна өнім өндірген.

Мемлекеттің қолдауымен 2018 жылы тұрақтандыру қорының өнімдері сақталатын көкөніс қоймасы бар көтерме-тарату орталығы салынды.

Қуаты жылына 5 мың тонна қағаз өнімдерін шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды. Инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгеден асты. Зауытта 80 адам жұмыс істейді.

Картон өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 7 миллиард теңге. 100 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Өндіріс қуаты жылына 10 мың тоннаны құрайды.