Президент Қазақстанның Италия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады

0
2 953


Президент Қазақстанның Италия  мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісін және Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.