Президент Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды

0
530

Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда.


Президент Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!», - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтаған болатын.