Президент Путинмен телефон арқылы сөйлесті

0
951


Президент Путинмен телефон арқылы сөйлесті

фото: newtimes.kz

ERNUR.KZ.Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.