Президент референдум арқылы өкілеттілігін ұзарту мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді

0
459

​Елде де, шетелде де мемлекет басшысы референдум арқылы президенттік мерзімді алып тастап, өзінің өкілеттілігін ұзартуды көздемей ме деген сұрақтар жиі қойылады, деді Тоқаев.


Президент референдум арқылы өкілеттілігін ұзарту мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны өзгерту жөніндегі референдумның мақсаты мен міндеттері жайлы айтты, деп жазады sputnik.kz.

Президенттің айтуынша, бұл еліміздегі демократиялық дәстүрді нығайтуда маңызды қадам болып саналады.
Ол сондай-ақ референдум арқылы өзінің өкілеттілігін ұзартуды мақсат етпейтінін атап өтті.
"Елде де, шетелде де мемлекет басшысы референдум арқылы президенттік мерзімді алып тастап, өзінің өкілеттілігін ұзартуды көздемей ме деген сұрақтар жиі қойылады. Мұндай ниет болған емес, болмайды да. Ұсынылған саяси модернизация туралы бағдарлама мазмұны жағынан өте ауқымды. Алайда негізгі мәселе адамның құқығы мен еркіндігін қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға араласуын кеңейтуге, басқару инститтутарының тиімділігін арттыруға аударылып отыр", - деді президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессиясында сөйлеген сөзінде.