Президент Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті

0
610

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді.


Президент Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапары барысында көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар аясында Президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.