Президент судьялар арасында ауыс-түйіс жасады

0
555

Президент жарлыққа 30 шілдеде қол қойған.


Президент судьялар арасында ауыс-түйіс жасады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сот төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" жарлыққа қол қойды, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекет Басшысы төраға лауазымына тағайындау туралы қаулы қабылдады:

  • Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының судьясын қызметінен босата отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Ербар Қалиевті тағайындады;
  • Шымкент облыстық сотының судьясын қызметінен босата отырып, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ретінде Нұрлан Биболовты тағайындады.

Толық тізімге мына сілтеме арқылы өте аласыз.

Президент жарлыққа 30 шілдеде қол қойған.