Президент Тоқаев Қытайдың Ханчжоу қаласына ұшып келді

0
769

Президент "Hikvision" компаниясының жұмысымен танысады


Президент Тоқаев Қытайдың Ханчжоу қаласына ұшып келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының аясында Ханчжоу қаласына ұшып келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының аясында Ханчжоу қаласына ұшып келді. Мұнда инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады», - деп жазады Берік Уәли.

Сонымен қатар, Президент бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездеседі. Қытайдың ұлттық шәй мұражайы мен Лэйфен Пагодасын аралайды деп жоспарланған.