Президент VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты

0
2 275

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы үндеу жасауда.


Президент VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты, деп жазады ҚазАқпарат.

Осыдан кейін Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойнады. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы үндеу жасауда.

«ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шы шақырылымдағы Парламенттің 1-ші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді ҚР Президенті.

Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр.

Айта кетейік, 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісіне еліміздегі 3 саяси партия және Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары депутат болды. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясы 76, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы 12, Қазақстанның халық партиясы 10 мандат иеленді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 9 депутат сайланды.