Президент Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді

0
814

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Президент Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін» - деді Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.