Президентіміз әлеуметтік қолдауларға ерекше назар аударып отыр – Нығматулин

0
844

Нығматулин атап өткендей, қазірдің өзінде Президентіміз ең алдымен әлеуметтік қолдауларға және дағдарысқа қарсы шараларға ерекше назар аударып, басқа да салалар бойынша нақты қадамдар жасап жатыр.


Президентіміз әлеуметтік қолдауларға ерекше назар аударып отыр – Нығматулин

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Өрлеу» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты, деп жазады baq.kz.

Елбасының тарихи шешімінің арқасында ашылған Түркістан облысы Еуропа мен Азияны қосатын бүкіл Түркі әлемінің орталығы деп атанды. Міне, біз осылай 30 жылдың ішінде ғасырға тең келетін табыстарға жеттік. Біз тілімізді, тарихымызды, дәстүрімізді сақтай отырып, ұлы мақсаттар қойған және оған жеткен өзінің қазақстандық жолы қалыптасқан берекелі елміз, - деп айтты Нығматулин.

Ол атап өткендей, бұл жолды әр азамат «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» деп бағалайды және құрметтейді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 30 жылдың ішінде экономикасы орнықты, қоғамы тұрақты, халқы тату, мәртебесі биік, тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалады. Оны одан әрі нығайту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолға алып, нақты стратегиялық міндеттер қойды. Біз бір ел, халық болып, алға қойған мақсаттарымызға абыроймен жетеміз деп сенеміз, - деп айтты Мәжіліс төрағасы конференцияда.

Нығматулин атап өткендей, қазірдің өзінде Президентіміз ең алдымен әлеуметтік қолдауларға және дағдарысқа қарсы шараларға ерекше назар аударып, басқа да салалар бойынша нақты қадамдар жасап жатыр.

Осының барлығы абыройы асқақ, беделі зор мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, жарқын болашаққа, келер келешекке жетелейді, - деп түсіндірді Нұрлан Нығматулин.