Президенттің атасы Назарбай би жайлы не білеміз?

0
1 896

Түркі заманына бүгінге дейінгі сот билігі туралы материалдар Астанадағы Құқық тарихы мұражайында сақтаулы.


Президенттің атасы Назарбай би жайлы не білеміз?

Құқық тарихы мұражайында Нұрсұлтан Назарбаевтың атасы аталатын құжат сақтаулы. Назарбай би туралы не белгілі екенін Tengrinews.kz хабарлайды.

Түркі заманына бүгінге дейінгі сот билігі туралы материалдар Астанадағы Құқық тарихы мұражайында сақтаулы. Ондағы экспонаттардың арасынан қазылардың Назарбай биді сайлағаны туралы құжаттың көшірмесін көруге болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың атасы бір ауылға билік еткен. Назарбай би туралы алғашқы деректер 1986 жыл деп көрсетілген құжаттардан табуға болады.
"Назарбай бірнеше рет билер сайлауына түскен. 1909 жылы 52 жасында оны төртінші ауылдың биі етіп сайлаған. Сайлау баламалы болған. Назарбай биге 28 сайлаушының 27-сі дауыс берген", - дейді соттың баспасөз қызметі қолда бар мәліметтерге сүйеніп. Құқық тарихы мұражайы Республиканың Жоғарғы соты жанында ашылған. Қазір ол қалалық сот ғимаратында орналасқан. Экспонаттардың барлығы - құжаттар мен фотосуреттер ұлттық және ғылыми кітапханалардан, Қазақстан мен Ресей мұражайларынан алынған. Олардың ішінде тарихи құнды билердің қолданған заттары бар.