Президенттік олимпиада жүлдегерлері анықталды

0
726

Ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар отандық университеттерде оқуға 35 грант пен 12 атаулы стипендияны жеңіп алды.


Президенттік олимпиада жүлдегерлері анықталды

ERNUR.KZ. Елімізде жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен Президенттік олимпиадада 54 оқушы жеңімпаз атанды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, балалар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша білімін сарапқа салған.

"Олимпиаданың қорытындысы бойынша ведомствоның І дәрежелі дипломымен 9 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 18, ІІІ дәрежелі дипломмен 27 қатысушы марапатталды. Ең жоғары балл жинаған 35 жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінде (9), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (4), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде (5), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде (5), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде (12) білім алу үшін білім гранттары тағайындалды. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 12 жүлдегерге атаулы стипендия тарту етті", - делінген министрлік таратқан хабарламада.