Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Алматы облысы жұртшылығымен кездесті

0
284

Қарақат Әбден алдымен көпбалалы аналармен жүздесті.


Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Алматы облысы жұртшылығымен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Алматы облысы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көпбалалы аналарға және кәсіпкерлерге сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Қарақат Әбден алдымен көпбалалы аналармен жүздесті.

«Ананың мойнына артылған жүк ауыр. Ал көпбалалы ана болу – нағыз ерлікке татиды», - дейді кандидат.
- Қарақат Әбденмен кездестік. Кездесуіміз өте жақсы өтті. Көпбалалы аналар өздеріне керекті сұрақтарын қойды. Сұрақтарына жауаптарын алды, - деді "Ана сәулесі" ҚБ Төрағасы Жанат Қалжанова.
Бұдан кейін кандидат отбасылық кәсіппен айналысатын шаңырақтың бірінде болды. Тұздыбастаудағы жанұя мүшелері құрт, кілегей, ірімшік секілді оннан астам сүт өнімін жасайды. Үйдің үлкендері тек бір отбасын емес, тағы 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Істің көзін тауып, кәсібін өрістетіп жатқандардың алға қойған жоспары да, ойға алған тірлігі де көп.
- Экономикамызды жылжытатын нағыз үлкен дүние осы-отбасылық бизнес. Әр адам, әр отбасы тек мемлекеттен күтіп отырмай, өзі әрекет жасап, істеу керек. Балаларын сол еңбекке үйрету керек деп есептеймін, - деді кандидат.