Президенттің көмекшісі QAZCOVID-IN вакцинасын екінші рет салдырады

0
2 339

Қарин отандық вакцинаның бірінші дозасын 2020 жылы салдырғын.


Президенттің көмекшісі QAZCOVID-IN вакцинасын екінші рет салдырады

Бүгін Президент көмекшісі Ерлан Қарин қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаның екінші дозасын салдырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін маған QazCovidIn вакцинасын екінші рет егеді. 21-22 күннен кейін екінші рет егу қажет, - деп жазды ол.
Айта кетейік, ҚР Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қаринге 2020 жылдың 25-ші желтоқсанында сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатқан қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасынің бірінші дозасы егілгені туралы айтылған болатын.


Кейін Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейінгі жағдайымен бөліскен болатын.