Президенттің жарнамасынан соң қазақстандықтар отандық аяқ киімді жаппай сатып алуда

0
1 213

Отандық өнімге деген сұраныс бірнеше есеге артқан.


Президенттің жарнамасынан соң қазақстандықтар отандық аяқ киімді жаппай сатып алуда

ERNUR.KZ. Өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өнімді қолдайтынын, өзіміздің өндірушілерден аяқ киім сатып алғанын айтқан болатын. Осыдан кейін алматылық аяқ киім фабрикасына сұраныс бірнеше есе артқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Президенттің жарнамасынан соң, Дәурен Раманқұловтың аяқ киім фабрикасы бүкіл елге танымал болды. Осыдан кейін, отандық өнімге деген сұраныс бірнеше есеге артыпты.
"Кез келген бизнес жарнамасыз жүрмейді. Мемлекет тарапынан жарнамалар өте тиімді. Президенттің жарнамасының арқасында дүкендерде сатылым үш есе өсті, ал онлайн сатылым бес есе өсті. Әзірге біз толықтай санай алмадық. Өйткені әлі де адамдар келіп жатыр", - дейді кәсіпкер.
Сапасы түріктердікінен кем түспейтін таза былғарыдан тігілген бұл аяқ қазір айын 1000 дана тапсырыс түседі екен. Бағасы да қымбат емес. 15-20 мың теңге арасында.
Дәурен Раманқұлов аяқ киім жасау кәсібін үш жыл бұрын бастаған. Оның айтуынша, бастапқыда жұмыс істейтін адамдардың жоқтығы үлкен мәселе болған. Кейіннен, жиһаз, киім тігетін цехтардан жұмысшылар алып, оларды үйреткен.

Сонымен бірге, ол Қазақстанда дұрыс шикізаттың жоқтығы әлі шешілмеген үлкен мәселе болып тұрғанын айтады.