Проблемалық кредиттер қорының қызметкері ұсталды

0
880

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Проблемалық кредиттер қорының қызметкері ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрлігінің "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысы аса ірі мөлшерде қаражат ұрлады деген күдікке ілінді, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген ҚР Қаржы министрлігінің "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаментінің директорының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ЖШС басшысы мен құрылтайшысының сенімін теріс пайдалану мен алдау арқылы аса ірі - 20 миллион теңге мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді. Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Күдіктінің кінәсінің деңгейін анықтау туралы шешімді сот қабылдайтын болады.