Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

0
662

Нұрлан Мәсімов мемлекет қаражатын 423 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.


Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

ERNUR.KZ. Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 13 жылға сотталуы мүмкін, деп жазады stan.kz.

Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов пен оның орынбасары Дамир Сиразидимовқа, сондай-ақ кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты сот отырысы жалғасуда.

“Жоғарыда айтылғандардың негізінде соттан Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ҚР ҚК 366, 189 және 392-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұраймын. Алакөл ауданындағы екі қабатты саяжай мен моншаны тәркілеп, Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің біріндегі сауна мен демалыс бөлмесінің жертөлесін жөндеу үшін пара ретінде алған 16 миллион теңгені қайтаруын және мемлекеттік қызметте, соттарда және қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды өтінемін", - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының прокуроры Азамат Ғарифолла.

Сондай-ақ Прокурор сотталушыдан мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыруды және "Айбын" екінші дәрежелі орденімен бірге полиция генерал-майоры атағын қайтаруды сұрады. Сотталушының өзі кінәні мойындамады және "ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен туыстық байланыстары бар болған соң ғана айыпталып отырмын" деп санайды.

Айта кетейік, сотталушы Нұрлан Мәсімов мемлекет қаражатын 423 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.