Прокурордың шешім қабылдау уақыты қысқарды

0
934

​Бұрын істер бір ай қаралса, қазір 24 сағаттан үш күнге дейін қаралады.


Прокурордың шешім қабылдау уақыты қысқарды

ERNUR.KZ. Прокурор шемім заңды болса цифрлы қол қою арқылы келіседі немесе заңсыз деп есептеп, бас тартады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажыратуға қатысты заң жобасын талқылау кезінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев баяндады, деп жазады inbusiness.kz.

"Электронды іс жүргізуді енгізу процесті жедел әрі жеңіл етуге мүмкіндік берді. Тергеуші істі прокурорға жолдайды, ол өз қаулысын жүйеде әзірлеген кезде, прокурорға бірден электронды хабарлама түседі", - деді Шындалиев.

Өткен 10 айдың ішінде прокурорлар тергеудің 329 мың қауылысын тексеріп, 287 мың шешімге келісім берген. Қалған шешімдер қолдау таппаған және түзету үшін қайтарылған.

"Қылмыстық процеске үш буынды модельді енгізу бойынша түзетулер туралы заң жобасы Президент Жолдауларында берген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекет басшысы 2020 жылы үш буынды модельді енгізуді тапсырды. 2021 жылы прокурорлардың айыптау актілерін дайындау жөніндегі құзыретін кеңейту қажет деді. Өткен жылдың аяғында Парламент тергеушінің негізгі шешімдерін прокурормен келісу туралы заң қабылдады. Мұндай келісу қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бірінші кезеңі болып саналады. Бұл тәртіп үлгі ретінде Еуропа елдерінен алынды. Осы жылдың басынан бастап тергеу органдарының күдікті деп тану, әрекеттерді саралау, тергеу мерзімдерін үзу, істі тоқтату туралы шешімдерін тек прокурор заңдастырады. Прокурор келісім бермесе, олар заңсыз болып саналады", - деді Шындалиев.