Психикалық ауытқуы бар балаға оқуын жалғастыруға кім рұқсат бергені белгілі болды

0
535

​ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавлдағы мектепте үш баланы балтамен жарақаттаған оқушының психикасында проблема бар екенін растады.


Психикалық ауытқуы бар балаға оқуын жалғастыруға кім рұқсат бергені белгілі болды

ERNUR.KZ. Петропавлдағы 4-орта мектепте құрдастарын балтамен жарақаттаған 9-сынып оқушысына мектепте білім алуға Алматы қаласы Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы рұқсат берген. Бұл туралы ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, күдіктінің психикалық денсаулығында проблема болған.
"Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген", - деді Қожаев үкімет отырысында.
4-орта мектептің оқушылары екі ауысыммен сабақ оқиды. 39 сынып, 984 оқушы, мұғалімдер штаты – 70, оның ішінде біреуі психолог.
"Мектепте және оның аумағында 42 бейнебақылау камерасы және "СА BARS NEXT" ЖШС-ға қосылған 5 дабыл кнопкасы бар. Оқиға болған күні мектептің 1-қабатында күзетші-вахтер болған", - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Қожаев тергеу барысы бақылауға алынғанын атап өтті. Оның нәтижелері бойынша қылмыс пен заң бұзудың себептері мен жағдайларының алдын алу туралы ұсыным енгізіледі.