Путин екіжақты келісімдер жасау үшін Астанаға келді

0
1 189

Қос ел басшылары үшін "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің презентациясы өтеді.


Путин екіжақты келісімдер жасау үшін Астанаға келді

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстанға келді. Оның ресми іс-сапары екі күнге жалғасады, деп жазады kremlin.ru.

Владимир Путин Астана мен Петропавлда өтетін түрлі іс-шараларға қатыспақшы.

Ресей Федерациясының басшысы ҰҚШҰ саммитіне қатысып, күн тәртібінде қарастырылған 20-ға жуық келісімдер мен құжаттарға қол қояды.

Сондай-ақ 9 қараша күні Нұрсұлтан Назарбаев пен шетелдік делегаттар Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу үшін Петропавл қаласына барады.

Іссапардың екінші күнінде қос ел басшылары үшін "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің презентациясы өтеді.