Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуде өтетін кездесуге шақырды

0
496

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.


Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуде өтетін кездесуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекеттер басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамыр айының ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.