Путин: Украинадағылар келіссөз туралы ойлана бастады

0
975

Ең алдымен Украина Зеленскийдің келіссөзге тыйым салатын жарлығының күшін жоюы керек, дейді Ресей президенті.


Путин: Украинадағылар келіссөз туралы ойлана бастады

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Украина билігі қақтығысты келіссөз арқылы шешу мәселесін қарастырып жатқанын, бұл дұрыс бағыттағы өзгеріс екенін айтты. Бірақ, Путиннің пікірінше, бұл жеткіліксіз, нақты қадамдар қажет, деп жазады sputnik.kz.

"Қазір олар қандай да бір келіссөзге дайын екенін естідік", - деді Путин Қытайға сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.
Путин жақында ғана Ресейге ұрыс даласында стратегиялық зиян келтіруге шақырғандар "қазір басқаша сөйлеп, бұл мәселелерді бейбіт келіссөз арқылы шешу керек" деп жатқанын айтты.
"Бұл дұрыс өзгеріс, дұрыс бағыттағы трансформация, ЕО дипломатиясының басшысы Боррель бұл туралы талайдан бері айтып жатыр. Осы үшін мақтауға болады, бірақ бұл жеткіліксіз", - деді Путин.
Егер шынымен келісімге келу ниеті болса, нақты қадамдар жасау керек, деп түсіндірді Путин. Ал бірінші қадам – Украина президентінің келіссөзге тыйым салатын жарлығының күшін жою.