Ресей әртістері концертінің өтпей қалуы саясатқа қатысты ма – министр жауабы

0
601

Министр мәдениет пен өнердің саясаттан тыс екенін айтты.


Ресей әртістері концертінің өтпей қалуы саясатқа қатысты ма – министр жауабы

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрші Ресей әртістерінің соңғы уақытта концерттерінің өтпей қалуына қатысты пікір білдірді. Оның ішінде М. Галкиннің жеке концерті де бар, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен бұл мәселені саясиландырғым келмейді. Өйткені, концерттер ұйымдастырумен коммерциялық ұйымдар айналысады. Мені отандық әртістердің, оның ішінде концерттерге дайындалып жатқан мәдениет қайраткерлерінің концерттері неге өтпейтіні мазалайды. М. Галкиннің концертіне қатысты түсініктеме берілді. Концерттің өтпеуі саясатпен немесе жеке мәселелермен байланысты емес", - деді Аида Балаева орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр мәдениет пен өнердің саясаттан тыс екенін айтты.

«Кез-келген жанрдағы барлық орындаушылардың миссиясы, ең алдымен, халыққа рухани және мәдени тұрғыдан азық беру. Мен мұнда ешқандай субтекст көріп тұрған жоқпын, мәселе талқылауға жатпайтын сияқты», - дейді А. Балаева.