Ресей Қазақстандағы полигонда жаңа зымыранды сынақтан өткізді (видео)

0
990

ЗҚЖ жүйесінің жаңа зымыраны бірнеше рет сынақтан өткізілгеннен кейін сипаттамасында көрсетілген мәліметтерді растады.


Ресей Қазақстандағы полигонда жаңа зымыранды сынақтан өткізді (видео)

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күштері Қазақстанның Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыранын сәтті сынақтан өткізді, деп жазады sputniknews.kz.

Сары-Шаған сынақ полигонында әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің жауынгерлік есептобы ресейлік зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыранын кезекті сынауды сәтті аяқтады.


Зымыранды ұшыру сынағының видеосы Ресей қорғаныс министрлігінің YouTube-тегі аккаунтында жарияланды.

Әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің қолбасшылық өкілі Павел Кузьмин шара барысында "ЗҚЖ жүйесінің жаңа зымыраны бірнеше рет сынақтан өткізілгеннен кейін сипаттамасында көрсетілген мәліметтерді растағанын және жүктелген міндетті сәтті орындағанын" атап өтті.

ЗҚЖ жүйесі әуе-ғарыш шабуылы құралдарының соққысынан қорғану мақсатында жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бір жазда Сары-Шаған сынақ полигонында Ресей қорғаныс министрлігі өткізген ЗҚЖ жүйесінің екінші зымыран сынағы.