Ресей президентіне қолдан жасалған қамшы сыйға берілді

0
2 380

Мұндай қамшының жамандықтан қорғайтыны айтылды


Ресей президентіне қолдан жасалған қамшы сыйға берілді

ERNUR.KZ. Петропавлға ат басын бұрған Ресей президенті Владимир Путинге қолдан жасалған қамшы сыйға тартылды, деп жазады nur.kz.

Назарбаев пен Путин теннис орталығының ғимаратында орналасқан «Туризмді дамытудағы жаңа көзқарас» атты екі елдің көрмесінде болды.

Мемлекет басшылары экскурсия жүргізушілерді тыңдап, көрме қатысушыларымен сөйлесті.

Көрмені аралау барысында Гиннес рекордтар кітабына енген Сергей Цырульников ресейлік қонаққа бірнеше секунд ішінде қалың шегеден түйін жасап берді.

Сондай-ақ, Путинге қолдан жасалған "Алдияр" қамшысы сыйға берілді.

Сыйлыққа риза болған Владимир Путин оны қолында ұстап тұрып, алғысын жаудырды.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде қазақтың наным-сенімдері бойынша, мұндай қамшының жамандықтан қорғайтынын атап өтті.