Ресей тарапынан Қазақстанның бес компаниясына шектеу шаралары енгізілмек

0
1 052

Ветеринариялық-санитарлық талаптар бұзылған деген айыппен бес қазақстандық компанияға қатысты шектеу шаралары енгізілмек


Ресей  тарапынан Қазақстанның бес компаниясына шектеу шаралары енгізілмек

ERNUR.KZ. Россельхознадзор бес қазақстандық компанияға қатысты шектеу шараларын енгізбекші. Олар EAS және Ресей федерациясының ветеринариялық-санитарлық талаптарын бұзған деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

29 қыркүйектен бастап ЖШС "J.F.M. Company" компаниясына ет өнімдерін тасымалдауға шектеу қойылады.

Сондай-ақ, Ресей ЖШС "Кублей", "Ижевский" өндірістік кооператив, ЖШС "Арай-East Food және ЖШС "Кузмич" секілді төрт компаниясының жұмысына қатысты бақылауды күшейтпек.

Қазіргі таңда аталмыш компаниялардың өнімдерінен тыйым салынған заттар мен бактериялар анықталған.