Ресейде іздеуде жүрген қылмыскер Павлодар облысында фермада жұмыс істеп келген

0
661

Ер адам 2019 жылдың қыркүйек айында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.


Ресейде іздеуде жүрген қылмыскер Павлодар облысында фермада жұмыс істеп келген

ERNUR.KZ. Павлодар облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады деп жазады Azattyq Rýhy.

Аталған іс-шара барысында Ертіс ауданының полицейлері шаруа және фермер қожалықтарын тексерген. Олардың бірінде жұмыс істеп жүрген адам тәртіп сақшыларының назарын аударыпты.

«Сұрастыру барысында 37 жастағы ер адам Ресей Федерациясынан шыққаны анықталды. Оны деректер базасы бойынша тексеру кезінде Мәскеу қаласы бойынша ІІМ ММ оңтүстік-батыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері іздеуге салғаны анықталды. Ер адам 2019 жылдың қыркүйек айында жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші дене жарақатын алған. Мәскеу қаласының полицейлері осы факт бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 264-бабы 1-бөлігі бойынша – жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу қылмыстық ісін қозғады. Біз іздестірудің бастамашысына іздестірілушінің орналасқан жерін анықтау туралы хабарладық», – деді Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 69 адамды ұстаған.