Ресейде қазақстандық азамат диверсия жасады деп қамауға алынды

0
352

Ол Ленинград облысындағы газ тарату станциясының (ГТС) ауданындағы құбырды бұзуға мәжбүр болған.


Ресейде қазақстандық азамат диверсия жасады деп қамауға алынды

ERNUR.KZ. Ресейдің Ленинград облысында Қазақстан азаматы күдікке ілініп, газ құбырын бұзғаны үшін айыпталып отыр, деп жазады stan.kz.

Сант-Петербург сотының мәліметінше, ер адам Украина қауіпсіздік қызметінің тапсырмасын орындап, Ленинград облысындағы газ тарату станциясының (ГТС) ауданындағы құбырды бұзуға мәжбүр болған.

Санк-Петербургтегі Джержин аудандық соты қазақстандық Сергей Зазулиді қылмыс жасады деп қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша қаулы шығарды.

"Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 281 "Диверсия" және 222.1 "Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымы" 2-бөліміндегі "а", "в" тармақшаларға сәйкес 9 сәуірге дейін уақытша қамауға алынды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі орталық коммуникациялар қызметінде Ленинград облысындағы отын-энергетикалық кешен объектісінде диверсия жоспарлаған украин арнайы қызметтерінің агенті ұсталғанын хабарлаған еді.