Ресейден келетін ішімдік импорты күрт төмендеді

0
411

Ал Украинадан импорт керісінше 2,5 есе артты.


Ресейден келетін ішімдік импорты күрт төмендеді

ERNUR.KZ. 2022 жылдың наурызында елімізге жалпы сомасы 945,6 мың долларға 703,7 тонна арақ импортталды, ақпан айында импорт 2,7 млн долларды құрады, деп жазады inbusiness.kz.

Қаңтарда – 2,4 млн доллар, 2021 жылдың наурызында - 1,6 млн долларға аталған ішімдік түрі жеткізілген. Бұл ретте Беларусьтен келетін де алкоголь азайған: наурызда – 334,4 мың доллар, ақпанда 636,8 мың доллар болатын.

Ресейден арақ жеткізілімінің қысқаруы ішінара Франциядан (ақпанда 48,6 мың доллардан наурызда 298,5 мың долларға дейін), Швециядан (235,8 мың доллардан 391,5 мың долларға дейін) импорттың артуы есебінен өтелді.

Бір ерекшелігі Украинадан импорт артты. Ақпанда 177,8 мың доллар болса, наурызда 478,5 мың долларға жетті.

Бірақ ел ішінде де өндіріс артты. Наурызда республика бойынша 5 мың литр, сәуірде 5,4 мың литр өндірілді. Соңғы 8 жылда (2014 жылдан бері) көрсеткіш ешқашан бұдан жоғары болған емес.

Наурызда Қазақстан Ресейге 390,1 мың долларға 418,5 тонна арақ экспорттаса, тағы 53,8 тонна (86,1 мың доллар) Өзбекстан, Моңғолия және Германияға экспорттаған. I тоқсанда 2021 ЕАЭО-дан тыс экспорт мүлде болған жоқ.