Ресейге салынған санкциялар қазақстандық банктерге шектеулі әсер етеді

0
1 134

Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растап, «Тұрақты» деп болжады.


Ресейге салынған санкциялар қазақстандық банктерге шектеулі әсер етеді

ERNUR.KZ. Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары Қазақстанның сыртқы активтері қазіргі уақытта айтарлықтай жеткілікті екенін айтуда, деп жазады ҚазАқпарат.

ҰБ хабарлауынша, жалпы еліміздің сыртқы қаржыландыруға деген мұқтаждығы салыстырмалы түрде төмен.

Бұл ретте S&P валюта нарығындағы тұрақсыздықты басу үшін резервтерді қолдану салдарынан аталмыш резервтрдің көлемі төмендейді деп күтуде. Дегенмен, агенттік мұнай мен алтынның жоғары бағасы, сондай-ақ сыртқы резервтердің жеткілікті деңгейі Қазақстанға орын алуы ықтимал шоктарды табысты еңсеруге мүмкіндік береді деп санайды.

Осы жылғы ақпанда инфляция 8,7%-ға жетті, бұл Ұлттық банк белгілеген 4-6%-дық дәлізден жоғары. 2022 жылы S&P ЖІӨ өсімі 2%-дық деңгейді құрайды деп болжауда. Агенттік Ұлттық банктің дер кезінде іске асырған әрекетін, тұрақсыздық жағдайында бағалар тұрақтылығын сақтау мақсатында базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтергенін атап өтті. Теңгедегі депозиттердің тартымдылығын сақтау мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын теңгелік депозиттерді қорғау механизмін қабылдады.

Сондай-ақ S&P пікірінше, ресейлік банктерге салынған санкциялар Қазақстандық екінші деңгей банктерінің қызметіне шектеулі әсер етеді.

Еске салсақ, Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредит рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растап, «Тұрақты» деп болжады.Сонымен қатар халықаралық ұйым Каспий құбыр консорциумындағы жағдай Қазақстанның мұнай экспортының айтарлықтай үзілісіне алып келмейді деді.