Ресейлік ұшақ шұғыл түрде Қазақстан әуежайына қонды

0
1 719

Портал Кольцово онлайн-таблосының мәліметтері бойынша, ұшақ Екатеринбургте сағат 12:50-де болуы керек еді.


Ресейлік ұшақ шұғыл түрде Қазақстан әуежайына қонды

ERNUR.KZ. Түркиядан ұшқан ресейлік ұшақ Қазақстанға шұғыл қонды, деп жазады Inbusiness.kz.

Рейсті Red Wings авиакомпаниясының ұшағы орындағаны атап өтілді. Әуе кемесі Анталиядан Екатеринбургке ұшқан, алайда шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды.

Жолаушылардың айтуынша, оларға техникалық ақау туралы хабар берілген. Кейін олар ұшақтан шығарылып, кедендік бақылаудан өткен.

Портал Кольцово онлайн-таблосының мәліметтері бойынша, ұшақ Екатеринбургте сағат 12:50-де болуы керек еді.