Ресейліктердің келуімен Қазақстанда жұқпалы аурулар көрсеткіші өсуі мүмкін бе - Министр жауап берді

0
465

Министрлік Ресей азаматтарының Қазақстанға жаппай көшуінен кейін қандай да бір инфекция, соның ішінде ВИЧ індетін жұқтыру көрсеткішінің артуы тіркелмегенін айтты.


Ресейліктердің келуімен Қазақстанда жұқпалы аурулар көрсеткіші өсуі мүмкін бе - Министр жауап берді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ресейліктердің ағылып келуіне байланысты жұқпалы аурулардың өршуінен қорқудың қажеті жоқ екенін айтып, әдеттегі сақтық шараларын сақтау жеткілікті екеніне сендірді, деп stan.kz.

Министрлік Ресей азаматтарының Қазақстанға жаппай көшуінен кейін қандай да бір инфекция, соның ішінде ВИЧ індетін жұқтыру көрсеткішінің артуы тіркелмегенін айтты.

Министрдің сөзінше, қазақстандықтардың алаңдауға және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын күтуге негіз жоқ. Оның үстіне Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға ресейліктердің ағылуы тоқтаған.

"Бізде соңғы кезде ресейліктердің ағыны көбейді. Алайда статистикалық мәліметтерге сәйкес Ресеймен байланысты кейбір инфекциялардың өсуін сезбейміз және көрмейміз", - деді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қазақстандықтарға ВИЧ инфекциясының алдын алу үшін әдеттегі сақтық шараларын жасауға кеңес берді.

"Бұл анық. ВИЧ індеті қалай жұғатынын білесіз. Барлық сақтық шараларын сақтау керек, денсаулығыңызды күтіңіз", - деп кеңес берді министр.