Ресеймен шекарада майнингке арналған жабдық тиелген жүк көлігі ұсталды

0
551

​Майнингке арналған жабдық бар көлікті Ақтөбе облысының шекарашылары анықтады.


Ресеймен шекарада майнингке арналған жабдық тиелген жүк көлігі ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы шекарашылары Қазақстаннан Ресейге бара жатқан DAF маркалы автокөлікті ұстады. Оның ішінен майнингке арналған Avalon жабдығы табылды, деп sputnik.kz.

Жайсаң" автомобиль өткізу пунктінде көлікті толық тексеру кезінде Қазақстаннан ілеспе құжаты жоқ 813 қорап кабельдері бар майнингке арналған Avalon жабдығы табылды. Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 миллион теңге", - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық техника процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Айта кетері, бұған дейін Қазақстанда 55 майнинг фермасы қызметін өз еркімен тоқтатты. Ол фермалардың бір бөлігіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев үлестес болған, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Сондай-ақ қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері 51 майнинг фермасының заңсыз қызметінің жолын кесті. Олардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Қайрат Итемгеновпен байланысты фермалар бар.
Заңсыз майнинг қызметін ІІМ департаментінің бұрынғы бастығы Тілеген Маткеновпен үлестес компаниялар жүзеге асырғаны анықталды.