Ресей басылымындағы қазақ қариялары туралы мақалаға ашуланған жігіт намысы тапталғанын мәлім етті (видео)

0
14 772

​ERNUR.KZ. Маркетолог және ІТ маманы Сергей Ахметов қазақ ғылымының ахуалына қатты алаңдаулы. Тіпті бұған қатысты өткір пікірін білдірген ол жанайқайын өзінің желі парақшасында видеомәлімдеме арқылы жеткізді.


Ресей басылымындағы қазақ қариялары туралы мақалаға ашуланған жігіт намысы тапталғанын мәлім етті (видео)

ERNUR.KZ. Маркетолог және ІТ маманы Сергей Ахметов қазақ ғылымының ахуалына қатты алаңдаулы. Тіпті бұған қатысты өткір пікірін білдірген ол жанайқайын өзінің желі парақшасында видеомәлімдеме арқылы жеткізді.

«Біздің ғылым саласында жүрген аталарымыз туралы бір шетелдің баспасы жазыпты, сол қатты намысыма тиіп жатыр. Қазақтың үлкен ақсақалдары туралы ойларына келгенін жазып жатыр. Қазақ жерінде ғылым дамып келе жатқанын көрсету үшін жас ғалымдар мен олардың еңбектері туралы жаңа жобаны қазақ тілінде бастағым келіп отыр. Бізде сақадай-сай жігіттер көп. Соны іште жүрген жыландар мен сыртта жүрген жауларымыз көрсін» деп сөзін түйді Сергей Ахметов.

Ресейлік басылымдардың Қазақстандағы ғылым саласының ардагер ақсақалдары туралы негативке толы мақала жазуы Сергейдің жігіттің намысына тигенге ұқсайды. Ал бұл жайтқа қазақ ғылым саласындағылар назар аудармай отыр екен. Қайта керісінше, елдегі ғалымдардың кейбірі ғылымды емес, ақшаны ойлап, бір-бірімен жаға жыртысып жатқан көрінеді.

Сергей Ахметовтің видеомәлімдемесін қолдайтын желі қолданушыларының қатары көбейіп келеді.

Видео: Сергей Ахметовтің желі парақшасынан алынды