Ресей премьер-министрі Алматыға келді

0
374
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев бүгін өтетін Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы мен «Жаһандану дәуіріндегі сандық күн тәртібі» форумына қатысу үшін Алматыға келді. Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЕурАзЭҚ елдерінің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей) премьер-министрлері кеңесі отырысында трансшекаралық нарықтағы бәсекелестік ережелеріне байланысты мәселелер қамтылады. Сонымен қатар, ЕурАзЭҚ елдеріндегі зейнетақымен қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастық талқыланады.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев бүгін өтетін Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы мен «Жаһандану дәуіріндегі сандық күн тәртібі» форумына қатысу үшін Алматыға келді.

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЕурАзЭҚ елдерінің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей) премьер-министрлері кеңесі отырысында трансшекаралық нарықтағы бәсекелестік ережелеріне байланысты мәселелер қамтылады. Сонымен қатар, ЕурАзЭҚ елдеріндегі зейнетақымен қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастық талқыланады.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясындағы тауарларды сәйкестендіру мен таңбалау туралы келісімге қол қою көзделген.

Дмитрий Медведев Еуразиялық одақтағы әріптестерімен жеке кездесулер жоспарлаған. Сонымен қатар, Алматы қаласында Ресей премьер-министрі, халықаралық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі. Басты тақырыбы - Одақ мемлекеттерінің ақпараттық жүйелерін біріктіру.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет