Ресейге баратын қазақстандықтарға уақытша тіркеу тәртібі енгізілмек

0
1 136

​Ресей футболдан әлем біріншілігі кезінде – 25 мамыр мен 25 шілде аралығында Қазақстан азаматтарын тіркеудің өзгеше тәртібін енгізбек,-деп хабарлайды azattyq.org.


Ресейге баратын қазақстандықтарға уақытша тіркеу тәртібі енгізілмек

Ресей футболдан әлем біріншілігі кезінде – 25 мамыр мен 25 шілде аралығында Қазақстан азаматтарын тіркеудің өзгеше тәртібін енгізбек,-деп хабарлайды azattyq.org.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, бұл уақытта Мәскеу, Санкт-Петербург, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Сарань қалаларына баратын қазақстандықтар барған күні тәулік ішінде жергілікті миграция мәселелері бойынша органға тіркеуге тұруы тиіс. Ресей ішкі істер министрлігінің территориялық миграция органдары 25 мамыр – 25 шілде аралығында күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.

Аталған қалалардан өзге қалаларға баратын Қазақстан азаматтары бұрынғы тәртіппен 30 күнге дейін тіркелмей-ақ еркін жүре алады.

Ресейде футболдан әлем біріншілігі 2018 жылдың 14 маусымы мен 25 шілдесі аралығында өтеді.