Республика күніне орай Маңғыстауда тәртіп сақшылары марапатталды

0
698

Ішкі істер министрінің құзырымен 3 қызметкерге арнаулы атақтар табыс етіліп, тағы 10 қызметкер марапатталса, департамент бастығының құзырымен 110 қызметкер марапатқа ие болды.


Республика күніне орай Маңғыстауда тәртіп сақшылары марапатталды

ERNUR.KZ. Ұлттық мереке қарсаңында ҚР Президенті Жарлығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп жазады Polisia.kz.

Қызмет бабында қаза тапқан Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Әділет Тұрсынбековке “Ерлігі үшін” мемлекеттік наградасы жарияланып, анасына табысталды.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болатбек Ақшауов “Айбын” орденімен марапатталды. Сондай-ақ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерболат Романкулов пен Рыскелді Маденовке “Ерлігі үшін” және “Жауынгерлік ерлігі үшін” медальдары табысталды. Айтулы мерекеге орай Маңғыстау облысы Полиция департаменті ғимаратында департамент басшылығы, жеке құрамы және ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді.

Полиция департаментінің бастығы Аян Дуйсембаев Республика күнінің мемлекеттік мереке есебінде қайтарылғандығы тарихи шешім екенін атап өтіп, шараға қатысушыларды құттықтады. Шара барысында ІІМ және облыстық полиция департаменті бастығының мерекелік марапаттау жайлы бұйрығы жеке құрамға таныстырылып, қызметте кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталды.

Ішкі істер министрінің құзырымен 3 қызметкерге арнаулы атақтар табыс етіліп, тағы 10 қызметкер марапатталса, департамент бастығының құзырымен 110 қызметкер марапатқа ие болды. Барлығы 5 ардагерге алғыс хатпен берілді.

Сондай-ақ осы салтанатты шараның барысында қызметкерлер Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған полиция полковнигі Амангелді Халмұрадовты құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

"Амангелді Халмұрадов 1968 жылы 22 маусымда дүниеге келген. ІІО-да 1990 жылдардан бастап қызметте. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымында болды. – Амангелді Хайырмұхаммедұлы, сіз ішкі істер органдарында 34 жылдан бері түрлі лауазымдарда қызмет атқарып келесіз, үлкен еңбек жолынан өттіңіз. Сіз полиция қызметкерлерінің бойында жоғары кәсіби және адами қабілеттерді қалыптастыруда зор жұмыс атқардыңыз", – деп атап өтті ПД бастығы.