Республика сарайының артынан шыққан қара түтін алматылықтарды шошытты

0
796

Өрт болған жерде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарады.


Республика сарайының артынан шыққан қара түтін алматылықтарды шошытты

ERNUR.KZ. Республика сарайының артынан көрінген қою қара түтін алматылықтарды үрейлендірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Өрт бүгін, 14 сәуірде болды. Оқиға болған жерде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарады.

Кейін қалалық ТЖД өкілдері бұл жеке тұрғын үйден шыққан өрт екенін хабарлады.

"Сағат шамамен 12.09-да өртсөндірушілер шақыртуға шықты. Олар келгенде үй жанып жатқаны белгілі болды. Оттың таралу қаупі болған жоқ. Алайда өрт сөндіру жұмыстарын металл шатырға құлаған электр сымдары қиындатты. Өртсөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып әрекет етті", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.


Авариялық бригада нысанды электр желісінен ажыратып, қуаты 380 вольт сымдарды кесіп тастады. Өрт сағат 12.33-те ауыздықталып, 12.56-да сөндірілді.