Риддер қаласында құбыр жарылып, каналдағы су деңгейі көтерілді

0
1 136

«Серіктестіктің деривациялық құбырының жарылуына байланысты Тихая өзеніне құятын ұзындығы 5 шақырымдық өндірістік каналға су жіберілді.


Риддер қаласында құбыр жарылып, каналдағы су деңгейі көтерілді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында деривациялық құбыр жарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

6 желтоқсан сағат 10:38-де Риддер қаласында «ГЭС ЛК» ЖШС құбыры жарылды.

«Серіктестіктің деривациялық құбырының жарылуына байланысты Тихая өзеніне құятын ұзындығы 5 шақырымдық өндірістік каналға су жіберілді. Құбырдың жарылу салдарынан каналдағы су деңгейі шамамен 1 метрге көтерілді. «ГЭС ЛК» ЖШС және Риддер қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінен арнаның төменгі нүктелерінде су деңгейін қадағалау үшін бақылау бекеттері бөлінді» делінген хабарламада.


Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, гидроэлектр стансаларының қызметкерлері апатты жою және суды Гоматуха өзеніне қайта бөлу жұмысын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп келеді. Жақын орналасқан жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Риддер қаласында су, жылу және электр энергиясы әдеттегі режимде берілуде.