Риддер қорығында тұтанған өрт оқшауланды

0
1 932

Алдын ала дерек бойынша өрттің аумағы – 6 гектар.


Риддер қорығында тұтанған өрт оқшауланды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы қорықта шыққан өрт тежелді, деп жазады inbusiness.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 маусымда "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" РММ аумағында, нақты айтқанда Риддер қаласынан 80 шақырым қашықтықта, жетуі қиын таулы әрі орманды жерде өрт шықты.

"Өртті сөндіруге ТЖД-дан, шекарашылар және орманшылардан 58 адам мен 9 техника жұмылдырылған. Облыс әкімі Ермек Көшербаев, оның орынбасарлары, ТЖ департаментінің басшылығы жағдайды тікұшақпен әуеден барлап, мониторинг жасауда. Жалынның төменнен жоғары ауысуы тіркелген жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ", - делінген ақпаратта.

Өрт сөндіруге қатысушылардың үйлескен іс-әрекеттерінің арқасында тілсіз жаудың таралуы сағат 6.45-те тежелді. Алдын ала дерек бойынша өрттің аумағы – 6 гектар.