Риддер тұрғыны қарызды қайтармау үшін тонап кетті деп өтірік айтқан

0
566

Жәбірленушінің айтуынша, түнде оның үйіне бетперде киген белгісіз үш адам кіріп келген. Олар күш қолданып, 3,8 млн теңгені алып кеткен.


Риддер тұрғыны қарызды қайтармау үшін тонап кетті деп өтірік айтқан

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полициясы өтірік мәлімет жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп жазады Sputnik.kz.

Риддер қаласының полиция бөліміне 30 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын жеткізген.
Жәбірленушінің айтуынша, түнде оның үйіне бетперде киген белгісіз үш адам кіріп келген. Олар күш қолданып, 3,8 млн теңгені алып кеткен.
Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша дереу қылмыстық істі тергеуге кірісті.
Алайда арызданушымен әңгімелесу барысында ер адам полицияға өзіне қарсы ешқандай қылмыс жасалмағанын мойындады. Айтуынша, ол танысына 950 000 теңге қарызын қайтарғысы келмегендіктен тонау туралы өтірікті ойлап тапқан.
Шығыс Қазақстан облысы полициясының баспасөз қызметі енді "жәбірленуші" Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-бөлігі бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін атап өтті.