Риддерде әкімдік қызметкерін аса қатыгездікпен өлтіріп кетті

0
407

Әйелдің артында кішкентай үш баласы қалды.


Риддерде әкімдік қызметкерін  аса қатыгездікпен өлтіріп кетті

Риддерде үш балалы әйелді қаскөйлер аса қатыгездікпен өлтіріп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

26 тамызда қала тұрғындарын таңертең ерте жұмысқа шығып, сол күйі жоғалып кеткен қала әкімдігі қызметкерінің жұмбақ жағдайы қатты толқытты. Оның ұялы телефонына қоңырау барғанмен, жауап болмаған, ал үйде әйелді 8-ден 11 жас аралығындағы үш кішкентай баласы күтіп отырған.

"Кешке қарай, орманды шарлау кезінде жоғалған әйел, әдетте жолды қысқарту үшін кесіп өтетін орман соқпағына жақын маңнан тұншықтыру, пышақтау сынды зорлық белгілері бар әйелдің денесі табылды. Облыс орталығынан полиция департаментінің, прокуратураның, сондай-ақ криминалдық полицияның басшылығы мен қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті", - деп хабарлады ШҚО ПД.



Бірнеше күннен кейін күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 34 жастағы ер адам болып шықты. Оның айтуынша, тез пайдаға кенелу деген құштарлық оны қылмысқа итермелеген, ол орманнан мойнында бағалы алқасы мен қолында сөмкесі бар әйелді байқаған.

"Осы 6 күн ішінде тәулік бойы тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілді. Енді күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның әрекеттері ҚР ҚК 99 және 192-баптарына сәйкес бағалау сұралады. Ал бұл баптардың санкциялары бойынша 20 жылға дейін жаза немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта анасыз қалған жас балалар жақын туыстарының қарауына берілді. Жергілікті атқарушы органдар қажетті көмек көрсетеді.