Риддерде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды – шұғыл штаб құрылды

0
310

​7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.


Риддерде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды – шұғыл штаб құрылды

ERNUR.KZ. Риддер қаласында жылу электр станциясынан тағы ақау шықты. Мыңдаған үй жылусыз қалды. Жергілікті билік төтенше жағдай жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 5 қараша кешкі сағат 20.00-де күл шығару жүйесінің сорғысы істен шықты. 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда тоқтатылды.
Соның салдарынан жылу жүйесіндегі судың температурасы +39 градусқа дейін төмендеді. Ал қалыпты температура мөлшері +70 болуы шарт. Риддер қаласында 22 мыңнан астам абоненттің үйі салқындап кеткен.
7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.
Сондай-ақ, осы уақытта қаланың мектепке дейінгі мекемелері жұмысын тоқтатады.
Қалада апатты жою жөніндегі шұғыл штаб құрылды. Оған облыс әкімі жетекшілік етеді. Жылу станциясына Согра және Өскемен ЖЭО, "Өскемен жылу желілері" АҚ мамандары барған. Олар күл шығару жүйесінде қозғалтқышты ауыстыру және іске қосу-реттеу жұмыстарын бастап кетті.
ЖЭО-ға қосымша 120 тонна мазут жеткізілген. Ал "Қазмырыш" ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам қызметкерін жіберген. Сондай-ақ, Өскеменнен "Востоквзрывпром" ЖШС-нің 20 маманы келді.
"Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" компаниясы да Риддерге 12 авариялық бригадасын жіберді. ЖЭС-да жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.