Риддердегі жылу-электр орталығының жаңа иесі нысанның 5,5 млрд теңге қарызын өзі төлейді

0
673

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапармен жүр.


Риддердегі жылу-электр орталығының жаңа иесі нысанның 5,5 млрд теңге қарызын өзі төлейді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддердегі жылу-электр орталығының жаңа иесі нысанның мойнындағы 5,5 млрд теңге қарызды өз қалтасынан төлеуге уәде берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Энергетика министрлінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов мәлім етті.

«Жылу-электр орталығының жаңа иесі Әміржан Нәбиев бүкіл қарызды өз есебенінен жабуға уәде берді. Бүгінгі таңда оның көлемі 5,5 млрд теңге», - дейді Шығыс Ілиясов.

Айта кетейік, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапармен жүр.

Министрлік ұсынған дерек бойынша Әміржан Нәбиев Риддердегі проблемалы жылу-электр орталығына 1 маусымнан бері 100 пайыз иелік етеді.