Риддерлік тұрғындар өздері қазған жыраға көміліп қала жаздады

0
949

Жер үйге жылу құбырын төсеп жатқан әйел мен ұлын тереңдігі 2,5 метрлік жыра басып қалған.


Риддерлік тұрғындар өздері қазған жыраға көміліп қала жаздады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанның Риддер қаласында әйел адам мен ұлы тереңдігі 2,5 метр жыраға көміліп қала жаздаған, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 1 маусым күні болған. Жер үйге жылу құбырын төсеп жатқан әйел мен ұлын тереңдігі 2,5 метрлік жыра басып қалған. 26 жастағы жігіт топырақ арасынан телефонын шығарып, туыстарына хабарласып үлгерген. Топырақ тұтқынындағы екі тұрғынды да құтқарушылар келіп аршып алды.

«№4 құтқару бөлімінің қызметкерлері опырылған топырақты 2 сағат бойы аршыды. Жігіт жеңіл жараланған. Ал анасын топырақ жаныштап тастаған екен. Жедел жәрдем оны ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер үйіне жіберді»,- дейді Риддер қаласының төтенше жағдайлар басқармасының өкілі Сергей Бородин.