Ринат Зайытов AMANAT партиясы атынан сайлауға қатысады

0
630

Ринат Зайытов — 1983 жылы 17 қараша айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген.


Ринат Зайытов AMANAT партиясы атынан сайлауға қатысады

ERNUR.KZ. «AMANAT» партиясы Ринат Зайытовты Мәжіліс депутаты кандитаттығына ұсынды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезінде белгілі болды.

Ринат Зайытов — 1983 жылы 17 қараша айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақтың айтыскер, суырып-салма және жазбаша ақыны, драмалық актер, филолог.

М. Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Драмалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Семей Мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығын алып шықты. «Тазша бала» атты жас сықақшылар республикалық конкурсының жеңімпазы (2001 жыл).

Телевизиядағы алғашқы қадамы Семей қаласының жергілікті каналындағы «ТТТ» әзіл-сықақ бағдарламасымен басталған.

Ол 2001-2008 жылдар арасындағы аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы. 2008-2010 жылдар аралығында республикалык айтыстағы дүлдүл жеңімпазы.

Аягөз ауданының құрметті азаматы; «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.

2021 жылы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне тағайындалды